№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Арайлым Мамырбекова | |||
2. | Сабыр Қалелұлы |
Ұқсаған ауылдардың аруына,
Ауыл бар Алатаудың бауырында.
Кенде емес парасатты батыр тұлға,
Қырмызы қыр кызымен, тау ұлына.
Қайырмасы:
Оңынан жанған жұлдызы,
Бақытты барлық ұл-қызы.
Ұлдары болса ержүрек,
Қыздары сұлу қырмызы.
Қаракемерім – ауылым,
Қаракемерім – ауылым!
Бауында өрік-жүзім, алмасы бар,
Тауында қарғалдағы қарда ашылар.
Өрісі малға толған ауылымның,
Мол іші дәнге толған қамбасы бар.
Қайырмасы
Сағынам жырақ жүрсем ауылымды,
Сағынам ауылдағы аға-бауырымды.
Сағынам мол шуақты күндеріңмен,
Сағынам тынбай жауған жауыныңды.
Қайырмасы