№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Сәби кезде ақ көңіл періштесің,
Ешбір жанмен белгілі керіспесің.
Үлбіреген кіршіксіз пейіліңді,
Жан-жағына нұр шашқан пейіш дерсің.
Өсе келе байқарсың, ақ-қараны,
Өмір өзі бар сырын ақтарады.
Сенімің де азайып айналаңа,
Ренішің жүрекке дақ салады!
Жоғалтып алсаң, өзіңді тапшы қайтадан,
Өзіңді табу-шынайы бақ деп айта алам.
Қаламайсың өкпеңнің үдегенін,
Сабыларсың таба алмай жүрек емін.
Түсінбейді өзгелер теріс қарап,
Тек жақсылық болса да тілегенің!
Сондай шақта тістерсің бармағыңды,
Ұйқы көрмей атқызып таңдарыңды.
Есеп беріп өткенге түсінерсің,
Өз-өзіңді жоғалтып алғаныңды!
Жоғалтып алсаң, өзіңді тапшы қайтадан,
Өзіңді табу-шынайы бақ деп айта алам.
Ойларыңды тазартсаң сезінесің,
Оралғандай бақытты кезіңе шын.
Бойыңдағы бар асыл қасиетпен,
Уақыт өте қайтадан кезігерсің!
Бүгініңді өткенмен салыстырып,
Ренішті сабырға ауыстырып!
Тауып алшы, қайтадан сен өзіңді,
Жан дүниеңді бақытпен қауыштырып!
Жоғалтып алсаң, өзіңді тапшы қайтадан,
Өзіңді табу-шынайы бақ деп айта алам!