№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Көршілерге арналсын бұл, өлеңім,
Жастық шақтың шертем тәтті дерегін!
Көрші тұрдық, үйлі-күйлі болғанда,
Достай болдық аямайтын көмегін!
Қайырмасы:
Сый-құрметпен отырғызар төрінде,
Ықыласы қалды мәңгі көңілде!
Көршілерміз ынтымағы жарасқан,
Туыстай боп, кеткен мынау өмірде!
Қарындастай, аға-бауыр ініміз,
Өтуші еді сыйластықпен күніміз,
Бірі кетсе жұмысына, жатсынбай,
Балаларға қарайтынбыз біріміз!
Қайырмасы
Жоқ деген сөз, жүрмейтін-ді арада,
Бір сағыныш тұрады ылғи санада!
Той думанға келдік міне, көршілер,
Жиналамыз, жүрсек те әр, қалаға!
Қайырмасы