№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Арайлым Мамырбекова | |||
2. | Даубай Әбдісаев |
Ауыл жайлы не біледі ел осы?
Ауыл деген – жұмақ жердің төресі.
Толқынында мына жалған өмірдің.
Өрге жүзсін деп тілеймін кемесі.
Ауыл жайлы ойлап тұрсам жүрегім,
Неге соша дүрсілдейсің сен осы?
Қуанамын әз анамды көргендей,
Көрінгенде, ауылымның төбесі.
Қайран ауыл алқа-салқа келбетің,
Берекеге бөлеп тұрсың жер бетін.
Көктем келсе үйрек, қазың қаңқылдап.
Базар жасап жатушы еді көл бетін.
Қайран ауыл көрікті едің көрікті,
Сағынышың сары майдай ерітті.
Жас баладан жастығымды көргенде,
Қайран көңіл жас құлындай желікті.
Неше қызық өтті шіркін бұл маңда,
Қалған емес бұрымды қыз жырланбай.
Мен көшеде келе жатсам сыртымнан,
Жасырынып сол қыз қарап тұрғандай.
Ауыл жайлы алаңдаймыз анық біз,
Өскен жердің сырына әбден қанықпыз.
Қариялар сиреп қапты десек те,
Өзіміз де қария боп қалыппыз.
Ауыл жайлы ойлап жатып көз ілем,
Мен қараймын өмірге ауыл көзімен.
Мен ауылға барған сайын өзімді,
Сол баяғы жас күнімдей сезінем.
Қайран ауыл жылаттың да, жырлаттың,
Жұдырықтай жүрегімді тулаттың.
Сағындырып бар санамды құрғаттың,
Сен мен үшін бар әлемнен қымбатсың.
Қайран ауыл.