MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Ақын қызға
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№30, 21 қыркүйек 2023 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Бағашар Мұхамеджан
2.Еркін Оралбайұлы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Қиғаш қасың қабағыңды көмкеріп,

Талайларды тәнті еткен келбетің.

Назар салсаң қара көзді төңкеріп,

Өтетіндей жалын шарпып жер бетін.

 

Жібектің бар тектілігі, пәктігі,

Өн бойыңа өнер толған ақынсың!

Ән шырқасаң жанды тербер тәтті үнің,

Болмасаң да, Розаларға жақынсың!

 

Өлең жазсаң, тербетесің ғаламды,

Бірде мұңды, бірде шаттық сезіммен.

Алла берген шығар, мүмкін, қаламды,

Жүректерді емдесін деп езілген.

 

Фаризаның өнері бар бойыңда,

Еркелеген ақынысың халықтың.

Мұң торласа жүрегіңді мойыма,

Әсері ғой бойды буған шабыттың.

 

Жырға қосып жүрегіңнің лүпілін,

Махаббатты жырлап жүрсің ән қылып.

Жаны нәзік, үлбіреген үкілім,

Жүрегіңде сезім болсын мәңгілік!

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика