№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Азнабай Тәшімов | |||
2. | Дәулет Әшімов |
Ата ана құтты болсын тойларыңыз,
Мінекей алтын тойды тойладыңыз.
Мөп-мөлдір бір бұлақтың көзін ашып,
Елу жыл орындалды арманыңыз.
Қайырмасы:
Қос аққудай,
Неке бұзбай,
Жарыңды сүй,
Дәл осылай.
Бақытты, қайғыны да бөлдіңіздер,
Тағдырдың тәлкегіне көндіңіздер.
Шыңына махаббаттың бірге өрлеп,
Ұл мен қыз жемістерін көрдіңіздер.
Қайырмасы
Ұл-қыздар, бауырларым, жас келіндер,
Көнілді осы тойда көтеріндер.
Сырласып сыйластықпен, тату-тәтті,
Сіздер де алтын тойға жетініздер!
Қайырмасы
Әркім ақ, алтын тойдан үміттенер,
Елу жыл бірге тұру үлкен өнер.
Жастарға үлгі болып өмірлерің,
Жұлдыздай аспандағы жана берер.
Қайырмасы
Тамаша өлең!Мағынасы өте терең,өте таза,сапалы,телевиденье назарына телеарналарда айтылса жақсы болар еді.Жастарымызға үлгі-өнеге!
Өте мәнерлі сәзді ән. Сөздері өте керемет мағналы. Бұндай керемет өлен әлемде тен келетін ән жоқ. Телеарнаға міндетті түрде шығару керек