№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Сағынып кеттім, сағындым жаным, өзіңді,
Естісем екен, елжіреп айтар сөзіңді.
Іздеймін ылғи, күтемін сені тағатсыз,
Жүгендей алмай, мендегі асау сезімді.
Сағынып қалдым, сағынамын мен, өзіңді,
Сағынып жүрмін, сырласқан сонау кезімді.
Мұншалық сені сүйеді екем, кешірші,
Жүрмін ғой мен де, көгендей алмай төзімді.
Қайырмасы:
Сағынып жүрмін, білші, сен, жаным, сен, жаным,
Болғансың менің жайқалған, бағым, сен бағым.
Алаңдап жүрмін, үзіле күтіп өзіңді,
Болмашы енді, алдамшы сағым, сен сағым!
Білесің бе сен, тауысып жүрмін төзімді,
Ұмытам қалай, ұмыту қыйын, сезімді.
Тездетіп жетші, күтемін, сені сәт сайын,
Ұмыта алман, бақытты болған, кезімді!
Өлеңдер жаздым, еске алып жүріп өзіңді,
Ән шықпай жүр ғой, шықпайды әндер көңілді.
Келсеңші енді, сағынышымды создырмай,
Жанымда жүрші, сүйіктім болып сенімді!
Қайырмасы