№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Ардақ Игенова | |||
2. | Жұлдыз Тойбекова |
Қол ұстасып өмірде отау құрдық,
Жарқын күнге қол ұстасып, бетті бұрдық.
Қос аққудай кіршіксіз адалдықпен,
Тектіліктің айдынын тұғыр қылдық.
Қайырмасы:
Бекзатым сен жалғанда асыл жарым,
Тағдырыма ризамын басымдағы.
Мөлдір сезім шуағы шаттандырған,
Махаббатқа куә бол ғасырларым.
Армандарға жетелер батыл жансың,
Әрқашанда сен менің қасымдасың.
Бақытыма баладым, бағалым – сен,
Мерейімді бір өзің асырғансың.
Қайырмасы