MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Гүл сезім
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№33, 4 ақпан 2024 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Айзада Бекенқызы
2.Гүлзат Қалыбек
3.Елнұр Қайратұлы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Бір сезім бар қайта гүлдеп оянған,

Тежемеймін жүрегімді, қоя алман.

Мөлдір көзің ғашық етіп, мен бүгін,

Махаббаттың әуенімен оянғам.

Есімде ғой қарағаның зер салып,

Көздеріммен алған едім мұң шағып.

Ойламадым, сенесіз бе, сол сәтте,

Ғашық етіп аламын деп мұншалық.

 

Кеште болса, орын алдың жүректен,

Кезіккенде кеуде тұсым дір еткен.

Періштемсің теңеуі жоқ өмірде,

Шетсіз, шексіз көңіліммен жыр еткен.

Көңіліме жылу сыйлап тұрар шын,

Сырыңыздан ыстық сезім ұғармын.

Астананың көктемесі секілді,

Кештеу келген махаббатың шығармын.

 

Ғашықтықтан жүрегіме күй тұнды,

Ұнаттың ба сен де менің күлкімді?

Көктемде де бұлт боларын білген соң,

Бойыма бір белгісіздеу мұң тұнды.

Мұңды айтпа бақытты тек айта түс,

Махаббаттың жырын біздер айтамыз.

Сені көріп көңіл көктем болғанда,

Жүрегіме орнамасын қайта күз.

 

Бар ойыңыз көңіліңіз мен десе,

Екі жүрек махаббатқа шөлдесе.

Бал бақыттың сарайында жүрейік,

Біздің сезім мәңгі болсын ендеше.

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика