№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Ардақ Игенова | |||
2. | Берік Аққалиев |
Жаңаша Сарыарқада атқан ғасыр,
Тарихым шежіреден ақтарған сыр.
Қадірлеп бабаларды мың мәртебе,
Бірлігіңді ұрпағың сақтап жатыр.
Жалаңтөс-Таңат баба қос тұмарым,
Ізіңде өсіп-өнді текті ұлдарың.
Бірлігім келген сонау аталардан,
Ұрпақтар, қадірлей біл! Тек сұрарым!
Қайырмасы:
Құт келіп, бақ байланған босағада,
Бегазы, Желтау тауы осы арада.
Жіңішке өзенінің қос қабаты,
Мыңғырған малға толған жоталарда.
Қажыр, қайрат бойында тұрған екен,
Парасат пен ақылы болған бекем.
Таңат баба-Заңғар баба терін төгіп,
Ырыс, байлық төріне қонған екен.
Көздің ақ, қарасындай қара нарым,
Татулықты ту еткен бабаларым!
Бірің қорғап еліңді таң атырсаң,
Бірің болдың еліме құт пен бағым!
Өсиетін бабалардың кім ұқпайды,
Бас иеді мәңгілікке ұмытпайды!
Фирдаус жәннәтінде болсын жаның,
Еске алып ұрпақтарың ұлықтайды!
Қайырмасы