№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Базарбай Әлеуханұлы | |||
2. | Матқұлбек Маясаров |
Сағынып келіп,
Қарайлап қайтар ауыл бар,
Ауылдың сәні
Сайдың тасындай бауырлар.
Жер бетінде жанымды менің ұғатын,
Қараағашым бар,
Қасиетті қауым бар.
Қайырмасы:
Сағынып келем,
Қарайлап қайтам ауылым,
Өзің аманда салтанат құрмақ сауығым.
Бағы бар қазақ ауылда ғана туады,
Бойына жиып бар дүниенің тәуірін.
Осылай балам,
Әкеңе біткен түсінік,
Қағымда менің
Көл мен шөл, самал, үскірік.
Тамырың сенің ауылда жатыр, қарағым,
Ауылдың жайын жиі-жиі жүр біліп.
Қайырмасы