№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Матқұлбек Маясаров | |||
2. | Роза Атақаева |
Айналайын балдай тәтті немерем,
Жүрегіме жылу төктің не деген!
Тәп-тәтті ғой қылықтарың шалқыған,
Өзіңдей боп жұпар исі аңқыған.
Қайырмасы:
Сүйіктімсің немерем қуанышым,
Қадам бастың тәй-тәйлап, жұбанышым,
Сылдыраған күлкіңнен айналайын,
Өзіңсің ғой тірлікте қуат-күшім.
Қайда барсам,шықпайсың сен есімнен,
Шашу терем тойларда сен үшін мен,
Өмір мәні-сендер деп жүрегімде,
Мен садағаң болайын тілеуіңде.
Қайырмасы
Қадамыңды кең атта болашаққа,
Күнің күліп, таң атсын әсем бақта,
Алла саған шарықтар қанат берсін,
Бауырмал бол, қолың соз әр қазаққа!
Қайырмасы