№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бақыт Шаяхметов | |||
2. | Майлықожа Сұлтанқожаұлы |
Әке деген асқартау,
Көмегі қамқор көп болар.
Жүргенін тіле аман сау,
Басыңа бақыт бақ болар.
Әкең сенің қартайса,
Қазыналы өзі қарт болар.
Әкеңді күтсең балалар,
Бақыт бен саған бақ қонар.
Әкеңнің әрбір сөздері,
Жазулы тұрған хаттардай.
Әкеңе бала қарап жүр,
Даурығып босқа мақтанбай.
Бала деген құрақтай,
Өсіп-өнер желкілдеп.
Жүрсеңдерші балалар,
Елгезек болып елпілдеп.
Анаң сенің қомқоршың,
Жалғызың да асылың.
Сағынып келіп еркелеп,
Мойнына оның асылдың.
Өмір қысқа қас қағым,
Оны да балам ұмытпа.
Тіршілікте халқыңа,
Қызмет қыл ұлықта.
Аға деген арыңдай,
Жазылып тұрған беттерде.
Ағаң қамқор барындай,
Мән берме мінін көп терме.
Дүние шіркін шар айна,
Артыңа балам қарайла.
Қарындас сенің қомқоршың,
Оны да ойла жарайма.
Осының бәрібар болса,
Туыстар сені қолдаса.
Барлығы жақсы болады,
Алладан төккен нұр қонса.
Барлығын айттым термелеп,
Дүние шіркін дөңгелек.
Артыңа нұрлы із қалдырған,
Білім мен ақыл өсиет.