№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Назым Әділбайтегі |
Бақыт құсы, түсіме, жиі енесің сен,
Жиі енесің қалады, бір елесің сен.
Жалт-жұлт етіп өзгеріп сағат сайын сен,
Өзгересің өзгеше түрге енесің сен.
Қосыла ұш меніменен деген болып сен,
Қос қанатты бақыт құсым болып сен.
Елестейсің сен маған арман болып сен,
Жазылмаған жүректегі өлең болып сен.
Баянды болып, мәңгілік, мәңгі қалам мен,
От болып мен мәгілік мәңгі жанамын мен.
Тарихта қаласың енді жаным сен,
Саналарда сайрайды бұлбұл әніммен.
Ағзаларда бүлкілдеп қан болып ағармын,
Жүректерде өшпейтін жыр болып соғармын.
Адасқандар өлеңменен табар жұптарын,
Қателеспей бір-бірін тура табар шын.
Жұлдызнама боламын өлеңдеріммен,
Сонда мен де көремін іреңдерін мен.
Өңі кіріп ашылып, гүлдей жайнайды,
Қуаныштан шаттанып тұрар, жас жүрек.