№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Назым Әділбайтегі |
Адам боламын десең сен,
Адал боламын десең сен, намаз оқы.
Әділ қазы боламын десең,
Ел басқарамын десең сен,
Сөзімде тұрамын десең, намаз оқы.
Арманыма жетемін десең,
Жалындатып өтемін десең,
Түсім өңім болсын десең,
Басыңа бақ қонсын десең, намаз оқы.
Намыспен достасқың келсе,
Қулықпен қастасқың келсе,
Сенімнен шыққың келсе,
Сертіңде тұрғың келсе, намаз оқы.
Күдікті жеңемін десең,
Үміт отын жағамын десең,
Тағамың дәмді,
Ұрпағың арлы болсын десең, намаз оқы.
Әдемі, әрлі боламын десең,
Татымды, нәрлі боламын десең,
Мағыналы, мәнді боламын десең,
Мейірімді, қайырымды боламын десең, намаз оқы.
Ақтарыла күлемін десең,
Өнегелі өмір сүремін десең, намаз оқы.