№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы | |||
2. | Сайлау Тынысбеков |
Қолға ұстап отырмын ескі альбомды,
Өткеніме қараймын сағындырған.
Еске аламын, мен жүрген әрбір жолды,
Қилы тағдыр еркіне бағындырған!
Қайырмасы:
Ескі альбом – тарихтың тармағысың,
Естелігі жанымды алған баурап,
Әр парағы сағымдай алданышым,
Кезіккендей баяғы арманға тап!
Көне сурет сарғайып ескіргенмен,
Естен шықпас жастықтың сәті қызық.
Тарих қылып айтамын кешкісін мен,
Ұл-қызымды алдыма отырғызып!
Қайырмасы
Көне сурет ежелден таныс маған,
Жетер болса ризамын ғасырларға!
Сақтап бәрін өзіме табыстаған,
Алғысымды айтамын асыл жарға!
Қайырмасы
Ескі сурет, ескі сурет,
Еске салар өткенді...