№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Орда бұзар отыз келді қайнаған,
Бал-бұл жанып жүздерің тұр жайнаған.
Жаңа жастың шаттығына бөленіп,
Жақсылыққа тола берсін айналаң.
Қайырмасы:
Отыздағы жастарым,
Аман болсын, бастарың!
Үйлі болып, ұрпақ сүй,
Өмір деген қас қағым!
Жастық шақта шалқып-тасып жүресің,
Сәуле төккен күндей болып күлесің.
Қайта келмес айхай, жиырма бесіңдей,
Бұл отыз да қалады артта, білесің.
Қайырмасы
Бақыт қолда адам өзі қаласа,
Шыққан шыңың, биігің бұл жаңаша.
Қызығымен баурап алар өзіне,
Отыз жасың шіркін қандай тамаша.
Қайырмасы