№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бақытжан Райсова | |||
2. | Болат Нұралин |
Абайла, қазағым, абайла,
Бас ұрған жетеді ар, ойға.
Жүректен нұрлы ақыл таратқан,
Сөзге бақ, ұқсап бақ Абайға.
Қайырмасы:
Сылдырап тас бұлақ өлеңі,
Ой салған қара сөз шебері,
Ғасырдан ғасырға жас ұрпақ,
Абайға таң қалып келеді.
Адамзат бауырын сүй деген,
Сүймейді жүрегі кірлеген.
Әділет ақ жолдан айныса,
Адам ба Абайдан күймеген.
Қайырмасы
Бойыңды алдырып мақтанға,
Ғылымды игермей баптанба.
Даналық сөздердің қайнары –
Қазаққа Абайдай бақ бар ма?
Қайырмасы