№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Белгісіз автор | |||
2. | Сали Басбаев |
Жаныма маза, жаныма маза,
Бермей жүр мынау сағыныш,
Сезімім анау, сезімім анау,
Шәрбатын ал да қанып іш.
Дәл қазір маған, дәл қазір маған,
Жақынсың және алыссың,
Білесің бе сен, білесің бе сен,
Тәтті мұң екен сағыныш.
Қыдырып ұзақ, қыдырып ұзақ,
Жүрейік еркем баққа кел,
Қызыға қарап, қызыға қарап,
Тұрсыншы бізге қалың ел.
Сағынып жүрсің, сағынып жүрсің,
Өзің де жаным дәл мендей,
Қинала бермей, қинала бермей,
Ұмыт та бәрін жақын кел.
Қайырмасы:
Жаныма келші жаныма,
Сүйейін сені аймалап.
Мойыныңнан иіскеп, мойыныңнан,
Еркелетейін жайғана.
Жаныма келші жаныма,
Сағынта бермей сен мені.
Сұлуым менің жаным менің,
Сүйкімдім менің айқабақ.
Есіңе алшы, Есіңе алшы,
Сырласқан ұзақ түндерді,
Есіңе алшы, риясыз күлген күндерді.
Осының бәрі, сезінген жанға бақыт-ау,
Ойласам соны, жүрегім менің езілді.
Шаршады жаным, бақыттың күтіп ақ таңын,
Естелік іздеп, дәптерді ұзақ ақтардым.
Махаббат жайлы, жазылған әрбір шумақта,
Төгіліп тұр ғой, өзіңе деген сырларым.
Қайырмасы