№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Жұмекен Нәжімеденов | |||
2. | Мұхан Байбосынов |
Құрбылар да бар мұнда,
Сауық-сайран құратын.
Қарындас та бар мұнда,
Қалжыңдасып тұратын.
Қайырмасы:
Алматыдан қараса,
Ауылым қандай аласа.
Сағынбас ем мен аса,
Алматы одан тамаша.
Мұнда бәрі әдемі,
Тек бір нәрсе жетпейді –
Боталардың әуені,
Құлағымнан кетпейді.
Қайырмасы