№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұхан Байбосынов | |||
2. | Құрманәлі Жылқыбай |
Ізі қалған бабамның даласында,
Түркістанның кие бар қаласында.
Шағылысып күмбезі күн нұрымен,
Жер мен көктің сән берген арасында.
Қайырмасы:
Жарқырасын түнде айың, күндіз таңың,
Қарсы алып көктемі де жыл құстарын.
Ғасырдан, ғасырларға қанат жайып,
Жасай бер, мәңгілікке Түркістаным.
Сәуле құяр санаңа құба таңы,
Ұлағатын ұрпағы ұнатады.
Таңбалаған тарихын тайқазаны,
Түркілердің Түркістан – Ұлы Отаны.
Қайырмасы
Шамшырағы шұғыла нұр болғандай,
Аңсары орындалып жыр қонғандай.
Гауһардай шуақ шашқан мөлдір көлі,
Түрленген Түскістанда гүлзар қандай.
Қайырмасы