№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бақытгүл Мадиярова | |||
2. | Матқұлбек Маясаров |
Ұйқым да келмей қойды,
Жүрегім дүрсіл қағып...
Сеземін сендегі ойды,
Өтуде шіркін, уақыт...
Қайырмасы:
Көктемнің құшағында,
Мүлгиді түнгі қала.
Өлең боп құшады ма,
Манаурап бізді ғана...
Бәрін де біліп жүрмін,
Жолатпан сезікті ойды.
Жүрегім жүрегіңнің,
Лүпілін сезіп қойды...
Қайырмасы
Тамылжып тәтті күйдей,
Арада сезім қалсын.
Санамды... тұрсың билеп,
Көңілде өзің барсың...
Қайырмасы