№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Дәмегүл Үмбетқызы | |||
2. | Перизат Оспанова |
Жанарыңнан жәудіреген сезем сыр,
Қарасыңда алаулы іңкәр әлем тұр.
Құпиялай жасырғанмен өзгеден,
Маған қанық сіз шырқайтын әуен жыр.
Қайырмасы:
Бағытты баққа бұраймын,
Қиялдан сезім құраймын.
Болмысымменен еркелеу,
Білемін сізге ұнаймын.
Ұнайсыз, маған ұнайсыз,
Ұнатып тұрып сынайсыз.
Сеземін іштей Тәңірден,
Амандығымды сұрайсыз.
Тұрақтылық, сенімділік азайып,
Кеткеніне таға аламын кімге айып.
Жақсы көріп сізді сүйген адамды,
Ұнағанға ұнау қандай ғажайып.
Қайырмасы