№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айзада Бекенқызы | |||
2. | Жарқынбек Қарақұлов |
Жан гүлім тағдырым,
Әсемдіктің сыңарысың таң нұрым.
Тамшылатпа алтыным-ау өтінем,
Сағыныштың себелейтін жаңбырын.
Қайырмасы:
Арман ай, арман ай,
Жанарыңа байланып-ақ қалған-ай.
Толқынына соғылдым ба сезімнің,
Бір басыма мың әлегін салған ай.
Қызғалдақ, қызғалдақ,
Арамызды адал сенім тұр жалғап.
Сертке берік сенім мықты дегенде,
Кетпесінші бұл махаббат бізді алдап.
Қайырмасы
Аңсарым, аңсарым,
Арай жүзің жарқыратар таң сәнін.
Өрнегіне жан дүниеңнің ғашықпын,
Сергелдеңге салсадағы қанша мұң.
Қайырмасы