№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Алдаберген Жолдасбаев | |||
2. | Перизат Оспанова |
Ару қыздар, сұлу қыздар гүл мүсін,
Сендерге арнап ұшырайын жыл құсын.
Қолдарыңда дүниенің тұтқасы,
Өздеріңмен өмір ғажап нұрлы шын.
Қайырмасы:
Қыздар, қыздар ардақтылар аналар,
Аналарды бәрі биік бағалар.
Аналардың жүзіндегі мейірім,
Күн нұрындай барша әлемге таралар.
Анаң барда көңіл өзен тасыған,
Көрмейікші ана жанын жасыған.
Қиындығы тартқан бейнет азабы,
Байқалады әппақ болған шашынан.
Қайырмасы
Жанарыңнан жан дүниеңді сезінген,
Ұл қызым деп ет жүрегі езілген.
Жүз жасаңдар аналарым ардақты,
Ешқашанда жас тамбасын көзіңнен.
Қайырмасы