№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Жадыра Дәрібаева | |||
2. | Сәбит Ұлықпан |
Боз даланың еркесі,
Көк нұрындай көркемсің.
Жұлдыз өпкен жүзіңді,
Бізге бұрар ма екенсің.
Құстың тілін білесің,
Түздің сырын білесің.
Еркін жортқан құланды,
Үнсіз ғана сүйесің.
Қайырмасы:
Тәнті еттің өзіңе,
Қуатыңмен, төзіммен.
Айналайын даламның,
Сыры тұнған көзіңнен.
Өрлігіне тамсанып,
Саған арнап ән салып.
Асығамын көргенше,
Күлімдеші қарсы алып.
Жалын атып жанарың,
Мейірлене қарадың.
Сары алтындай салмақты,
Сағындырған қарағым.
Қайырмасы