Алғашқы мектебі. Сынып жетекшілері: Қызылорда облысы Шиелі ауданы Гигант ауылының №148 орта мектебі. Айман Пірімбетова, Несібелі Қойшыбаева.
Жоғарғы оқу орны. Қандай мамандық бойынша білім алдыңыз? Тәлім алған ұстаздары: Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институты. Ағайша Исағұлова, Қуанышкүл Меңдаяқова, Дәрмен Рахымжанова, Бану Жакеева, Николай Моткин.
Өнер жолын таңдау себебі: Бала кезінен өнерге құштарлық.
Біздің ақпарат
Туылған күні: 1969-04-19.
Шығыс жұлдызнамасы бойынша белгісі: Тауық.
Зодиак белгісі: Тоқты.
Сүйікті орындаушы: Валентина Толкунова.
Сүйікті актері: Ален Делон.
Сүйікті киносы: Титаник (Леонардо Ди Каприо, Кейт Уинслет). АҚШ, 1997.
Сүйікті жазушысы: Бердібек Соқпақбаев.
Сүйікті кітабы: Ұлпан. Ғабит Мүсірепов.
Сүйікті тағамы: Палау.
Сүйікті мезгілі: Көктем.
Өмір және көзқарас
Сіздің достыққа деген көзқарасыңыз. Сіз достыққа сенесіз бе? Нағыз дос қандай болуы керек?: Достар арасында адалдық, сыйластық, құрмет болуы керек.Тек қуанышта ғана емес, қиын сәтте де қасыңнан табыла білуі керек.
Сіздің ойыңызша, еліміздің білім саласында қандай басты мәселелер бар? Оларды шешуге сіздің ұсыныстарыңыз: Бізде қатып қалған бір жүйе бар – қағазбастылық. Одан құтылмай алға жылжу мүмкін емес. Ұстаздар да, сол ұстаздарға бағыт-бағдар беретін мекемелерде де қағазбастылық жайлап алған. Еркіндік жоқ. Шығармашылық ізденіс үшін, өсу үшін еркіндік керек.
Сіздің ойыңызша, еліміздің өнер саласында қандай басты мәселелер бар? Оларды шешуге сіздің ұсыныстарыңыз: Еліміздің ән өнері саласында үлкен мәселе – қазақ әні ұлттық бояуын жоғалтып бара жатыр. Хит болып жатқан кірме әндердің,яғни тойға жазылған әндердің насихаты үстем болғандықтан тыңдарман талғамы құрдымға кетті. Ол әндер енді сахнада орындала бастады. Балалар санасына да осы әндер сіңіп барады. Байқау ұйымдастырғыштар сондай әндерді байқауларында орындатпаулары керек. Бірақ, өкінішке орай...Оларға ақша тапса болды.
Сіздің ойыңызша, қандай мәселелер адамзат үшін жаћандық мәселе болып табылады? Оларды шешуге сіздің ұсыныстарыңыз: Адами құндылықтар азайып барады.
Ұраны: Адалдық пен әділдік.
Автордың байланыс телефондары
Жеке телефоны: +77017947749, +77078500535.
Автордың электрондық деректері
Электронды пошта (e-mail): altynshah@mail.ru
Қосымша ақпарат
Автор (орындаушы) туралы қосымша ақпарат: Мәдениет қайраткері, Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегері, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі.
Сұрақтарға жауап берген кім және/немесе сауалнаманы толтыру барысында қолданылған ақпарат көздерінің тізімі: 15 желтоқсан 2021ж., сұхбат берген автордың өзі. Сұхбаттасқан Асыл Ақшолақов.
Фото суреттер галереясы
"Сыр жұлдыздары" жас әншілер байқауының қазылар алқасында. Қызылорда, 2018.
Қазақ радиосындағы "Балапан саз" радиобайқауын жүргізу сәтінен. Хабар қонағы композитор Марат Омаров. Алматы, 2020.
"Әнші болғым келеді" телевизиялық балалар әндері байқауының түсірілімінен. Алматы, 2004.
Анасының 80 жас мерейтойы. Балалары мен немерелерінің ортасында. Алматы, 2019.
Ақын Ибрагим Исаевтың 65 жылдық мерейтойына дайындық сәтінен. Алматы, 2014.
"Әнші болғым келеді және мен" атты шығармашылық кеші. Астана, 2008.
Р.Глиэр атындағы балалар музыка мектебін басқарған кезі. Алматы, 2008.
Авторлық "Балапан саз" республикалық радиобайқауының Гала концерті. Нұр-Сұлтан, 2021
Сыныптастарымен бірге. Кызылорда, 1985.
Сынып жетекшісі Несібелі Қойшыбаевамен, 1-мамыр мерекесі күні. Қызылорда, 1984.