Автордың толық аты-жөні: Әжібекова Серікжамал Нүсіпқызы.
Туған жері: Алматы облысы, Текелі қаласы.
Әкесі. Мамандығы: Нүсіп Әжібекұлы. Бухгалтер.
Анасы. Мамандығы: Айымбала Әжібекова. Үй шаруашылығы.
Жары. Мамандығы. Балалары. Мамандығы: Жолдасы: Талғат Алыбаев – музыкант. Балалары: Жеңіс Алыбаев – музыкант, Ләззат Алыбаева – ағылшын тілі маманы, Гүлзат Алыбаева – жеке бизнес.
Білімі
Алғашқы мектебі. Сынып жетекшілері: 1. Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қораталды ауылының бастауыш мектебі. Несіпбай Доспанбетов.
2. Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қораталды ауылының Қаратал орта мектебі. Зоя Васильевна.
3. Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қаратал ауылының орта мектебі. Петр Котов.
Жоғарғы оқу орны. Қандай мамандық бойынша білім алдыңыз? Тәлім алған ұстаздары: 1. Ақтөбе мәдени ағарту училищесі. Хор дирижерлау бөлімі. Лев Борисов, Ольга Ставниченко.
2. І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық интитуты. Ақсұлу Манасбаева, Сергей Морозов.
Өнер жолын таңдау себебі: Өнерге деген сүйіспеншілік. Автордың жанұясы өнерге жақын болды.
Спорт
Спорттың қандай түрімен шұғылданасыз? Бұл спорт түрі Сізге несімен ұнайды?: 1. Шаңғы тебу – таза ауа, драйв береді.
2. Жеңіл атлетика – жылпыңдыққа тәрбиелейді.
Сіздің ойыңызша, еліміздің спорт саласында қандай басты мәселелер бар? Оларды шешуге сіздің ұсыныстарыңыз: Бұқаралық спорт түрлерін дамыту керек. Қытайдағы сияқты жас ерекшелігіне қарамастан қала болсын, ауыл болсын барлық халық спортпен шұғылдану керек.
Сүйікті спортшысы: Ольга Рыпакова, жеңіл атлетитка.
Сүйікті мезгілі: Көктем.
Өмір және көзқарас
Сіздің махаббатқа деген көзқарасыңыз. Сіз махаббатқа сенесіз бе? Шынайы махаббат қандай болуы керек?: Махаббатқа сенемін. Ол болады. Тек оны бағалау керек.
Сіздің достыққа деген көзқарасыңыз. Сіз достыққа сенесіз бе? Нағыз дос қандай болуы керек?: Нағыз дос өзің сияқты болу керек. Өзіңе қалай сенсең – досыңа да солай сену керек. Дос – қиналған кезде де, қуанған кезде де сырыңды айта білетін адам.
Сіздің ойыңызша, еліміздің білім саласында қандай басты мәселелер бар? Оларды шешуге сіздің ұсыныстарыңыз: Білім саласында жүйелілік болу керек. Ғылымды дамыту керек. Оқулықтарды ғалыммен бірге мұғалімдік тәжіребесі бар мамандар бірігіп жазу керек.
Сіздің ойыңызша, еліміздің өнер саласында қандай басты мәселелер бар? Оларды шешуге сіздің ұсыныстарыңыз: Өнермен айналысатын адам арнайы білім алу керек. Әр шығарманың мазмұнына, мағынасына көңіл бөліну тиіс. Мемлекетте өнер саласында жүрген адамдарға эстетиткалық, этикалық тәртіп орнату керек.
Сіздің ойыңызша, қандай мәселелер адамзат үшін жаћандық мәселе болып табылады? Оларды шешуге сіздің ұсыныстарыңыз: Экология мәселелері. Адамдар аулада болсын, орманда болсын отырған жерлерін ластап, қоқыс тастап кетеді.
Қызық оқиғалары: Қиын-қыстау кез болатын. Ақша болмай, жалақыны кешіктіріп. Бір күні қарасам үйдегі мысық менің сақинаммен ойнап жүр екен, сақинамды алып, жоғары қойдым. Біраз күн өтті. Ауылға баратын болдық, сақинамды таппай, бүкіл жерді іздедік, мысық та таяқ жеді. Жолға шыққан кезде көп азық-түлікті көріп, қызым бұларға ақшаны қайдан алдың деп сұрады, сол кезде сақина осыларды алуға өткізіп жібергенімізді есімізге түсіріп күлгенбіз.
Хобби: Шет тілдерді үйрену.
Қосымша ақпарат
Автор (орындаушы) туралы қосымша ақпарат: «Мен жұлдызбын» үлгілі ән студиясының негізін қалаушысы және жетекшісі.
Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Талдықорған қаласының құрметті азаматы. "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері. Көптеген халықаралық байқаулардың лауреаттарын дайындаған және "Славян базары 2021" байқауының жеңімпазы Рұхия Байдүкенованың вокал сабағынан алғашқы ұстазы.
Сұрақтарға жауап берген кім және/немесе сауалнаманы толтыру барысында қолданылған ақпарат көздерінің тізімі: 2 қаңтар 2022ж., сұхбат берген автордың өзі. Сұхбаттасқан Асыл Ақшолақов.