MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Өнер жолы
Жарқынбек Қарақұлов
Автордың өнердегі есімі (автор халыққа қандай есіммен таныс):
Жарқынбек Қарақұлов
Топтама нөмірі және автордың деректер қорына тіркелген күні:
№17, 30 қазан 2022 жыл
Өнер жолы:

«
»
Туған жері және жанұясы
Автордың толық аты-жөні:
Қарақұлов Жарқынбек Молдәріпұлы.
Автор әндерінің тізімі



Әннің атауы мен авторлары Әннің бір немесе бірнеше орындаушылары
1 2 3
1.Ажарлы қыз
Сөзі: Жарқынбек Қарақұлов
Әні: Роза Есенгелдиева
2.Апаға реніш келінге өсиет
Сөзі: Жарқынбек Қарақұлов
Әні: Жарқынбек Қарақұлов
3.Асыл айым
Сөзі: Жарқынбек Қарақұлов
Әні: Жұлдыз Тойбекова
4.Ауылда жүр бақытым
Сөзі: Жарқынбек Қарақұлов
Әні: Жұлдыз Тойбекова
5.Биші қыз
Сөзі: Жарқынбек Қарақұлов
Әні: Жұлдыз Тойбекова
6.Жалғанай
Сөзі: Жарқынбек Қарақұлов
Әні: Жалғас Кеңесов
7.Жаным ұнайсың
Сөзі: Жарқынбек Қарақұлов
Әні: Арайлым Саттарова
8.Жетісай
Сөзі: Жарқынбек Қарақұлов
Әні: Жарқынбек Қарақұлов
9.О, гитара
Сөзі: Жарқынбек Қарақұлов
Әні: Роза Есенгелдиева
10.Сырнай
Сөзі: Жарқынбек Қарақұлов
Әні: Жарқынбек Қарақұлов
11.Ғашығым сағындым
Сөзі: Жарқынбек Қарақұлов
Әні: Арайлым Саттарова
12.Ғибрат толғауы
Сөзі: Жарқынбек Қарақұлов
Әні: Жарқынбек Қарақұлов
13.Ұйықта бөбегім
Сөзі: Жарқынбек Қарақұлов
Әні: Жұлдыз Тойбекова
14.Әдемі ару
Сөзі: Жарқынбек Қарақұлов
Әні: Роза Есенгелдиева
15.Әдемім
Сөзі: Жарқынбек Қарақұлов
Әні: Гүлжанат Мұхамеджан
16.Өкпелі қыз
Сөзі: Жарқынбек Қарақұлов
Әні: Темірхан Төлебаев
17.Өмір-ай
Сөзі: Жарқынбек Қарақұлов
Әні: Арайлым Саттарова

Автор өлеңдерінің тізімі
Бұл бөлімде әлі музыкасы жазылмаған автордың еңбектері жинақталған

Алдамшы жалған дүние,

Кімдер бір келіп кетпеген.

Жұлдыз боп өтті біреуі

Теңесіп алау отпенен.

Біреуі өтті күресіп

Кедейшілік пен жоқпенен.

 

Тарихта қалды біреуі,

Есімін әлем таныған.

Біреуі қаскөй боп өтті

Зұлымға қолын малыған.

Біреуі өтті хан болып

Қан тамып қамшы сабынан.

 

Біреуі өтті шешен боп

Ақылмен сана бірлесіп

Біреуі өтті момын боп

Жалтақтауменен күн кешіп

Ұры боп өтті біреуі

Қашқақтап елден мың көшіп.

 

Дана боп өтті біреуі

Елдіктің ойлап ертеңін

Ізіңді жалғар ер болмай

Табалмай жүрмін дерт емін.

Заманның қисық тұсында

Соңымнан кімді ертемін

 

Жаңылыс кетіп біреуі

Үрдісті бұзды жаңартып

Дәулеті зият болғанмен

Ұяттан оның жаны артық.

Адамдық намыс арынан

Қара басының қамы артық

 

Бейнетпен адал еңбекпен

Күн көріп өтсең бір бақыт

Тәубешілдікпен күй кешсең

Тұрады күліп таңда атып

Қателіктерді жүз айтып

Жүрмегін ойға мұң артып.

Тәңір берген өмірдің үлесінде

Бақыт деген мекен бар білесіңбе.

Сонда көрген шаттығым анашымның

Алдына алып отыратын тізесінде

          

Сын сағаты салғанда сан ағымға,

Жасын соғып тұрсада ғаламымда.

Менің алар қуатым нұр шұғылам 

Анашымның еркелеткен жанарында

 

Өмір жолы бұрғанда иірімге,

Өкпе наздың ұнайды күйі кімге.

Сынақтағы уақыттың шапағаты

Мәпелеген анашымның мейірінде 

 

Қалып қойған өткеннің жар тасында

Өткеніңді әттеңін шайқасынба

Шындығында балалық хандық дәуір

Аналардың арқалаған арқасында

Домбыра қазағымнын бет пердесі

Айтылып қана қоймас тек термесі.

Күмбірлеген күйімен əсем əні,

Белігілі орындаумен шектелмесі.

 

Жан дүниеңнің жеткізер мұңын зарын

Айталады бақытта кімнің барын.

Екі ішекпен жеткізер домбыраның,

Құдіреті деп білем мұның бəрін.

 

Дəрменсізге күйімен қуат берген

Шалдыққанға жыр берген қырат белден.

Өлеңнің бал қаймағы боиға сіңер,

Өнері өрге жүзген тұрақты ерден.

 

Тозбасын домбырамыз деп тіледім

Жырлатқан қазыналы тектілерін.

Нарқасқа бабаларды сусындатқан,

Домбыра құдіреті деп білемін

Жалғанда дүние байлықтың

Мансабын биік таныппын

Азғырып шайтан арбаса

Тура жолымнан тайыппын

 

Асқақтап тулап тасыдым

Келмейді мұны жасырғым

Өзімшілдікпен жар тасқа

Өкіпішпенен бас ұрдым

 

Қаптаған кісі маңымда

Зәулім сарайлар алдымда

Алақаныммен аялар

Болмады-ау бір жан жанымда

 

Перзент ол таңның арайы

Сол екен бақыт сарайы

Баламен нұрға бөленіп

Жүр екен елдің талайы

 

Тұрмынғой енді таң қалып

Жүретін ылғи шам жағып

Көршімнің үйі сәбидің

Дауысыменен жап жарық

 

Бақшасын жүрді кең көріп,

Жемісін елге тең бөліп

Ал мендегі бау-бақша

Қалдығой құсқа жем болып

 

Дүрбелең мына заманда,

Есігі ашық әмәндә.

Бақытты береді екен

Пейілі дархан адамға

 

Өмір билік деп сезінгем  

Солайда маған сезілген

Қол ұшын бермей өзгеге

Санадым төмен өзімнен

 

Басылмай бірі желіктің

Ақшаның буы еліттің

Оңға да солға қол жетер

Бақытты байлық деп ұқтым

 

Дәулетті берді сынаққа

Кеш білдім оны бірақта 

Жазалап енді пендесін

Зар етті Құдай тырнаққа

 

Дүние шіркін алдайсың

Ағында төгін арбайсың

Кешірші Тәңір перзент бер

Ұрпақтың ізін жалғайтын

Жүремін сенсіз ойланып,

Бақытты сәтті ойға алып.

Кетседе уақыт жоғалып

Көз ілмеймін.

 

Таңдатты тағдыр қосағын,

Үміттің үзбей моншағын.

Жүрсемде күтіп қанша күн

Өзің деймін.

 

Сенімен жайнап саябақ,

Қасыңда жүрсем аялап.

Жанымда жүрсең саялап

Неге іздеймін.

 

Жұлдыздың жымыңдасқаны,

Сырларын маған ашқаны.

Сондықтан көрмей басқаны

Сені іздеймін.

Он сегіз мың ғаламның,

Құбыласы тең заманның.

Кем тұсы болып тұрғаны

Ізі жалғанбай бабаның.

 

Ескінің шапағаттары,

Ішінде тұрды жанардың.

Амандық саулық сұрайтын,

Мейірімі кетті баланың.

 

Сəлемің сөздің атасы,

Деп өтті талай асылдар.

Тарихтың ұлы тұлғасын,

Ұмытпас енді ғасырлар.

 

Жайдарлы мінез ақ көңіл,

Бабада қалды сан сырлар.

Сондай жандарың табылса,

Намыс тұлпарын қамшылар

 

Қазіргі таңда ата-ана,

Қатігездікпен алысқан.

Ананың тілін алмайтын.

Бала мінезі арыстан.

 

Келешігінен көрінер,

Бір түйір сәуле алыстан.

Сонда да ақыл кеңесті

Керек етпеген данышпан.

 

Пайғамбарлардың өзіде,

Аналарына бас иген.

Ояншы ұрпақ көзіңді, аш

Тəубеге қадам басумен.

 

Мақсатқа ешкім жетпеген,

Асқақтауменен тасумен.

Жазалап қойып жүрмесін,

Жаратқан тəңір ашумен.

 

Тамырлап келіп ұрпаққа,

Жауыздық қайдан көктеді.

Көз алдынан жойылып,

Бұлыңғыр болып өткені.

 

Естімей маржан өсиет,

Тарихын үлгі етпеді.

Ақ таңы қашан оятар,

Мейірдің келіп көктемі.

 

Мейірім деген білсеңіз,

Құрмет пен ізет тұмары.

Ардақтай білу үлкенді,

Қадірдің биік шынары.

 

Бақыт пен байлық ынтымақ,

Имандылықтан тұрады.

Мейірім рақым шапағат,

Жүректің егіз сыңары.

 

Мейірімділікті сезінсін

Егерде көзбен көрмесе.

Ол деген жақсы қасиет,

Сізде де болсын ендеше.

 

Жаратқаннан сұраңыз,

Мейірім сырттан келмесе.

Жер көктен іздеп таппассың,

Тəңірдің өзі бермесе.

Күйзелістен болсадағы жоқ тыным,

Сатқындарға сарып етпеген босқа үнін.

Шәмшісімен сырласқанда сыр бүкпей

Жұбанышым деген адал достығын.

 

Бар бағытты оңды солды саралай

Ақындықтың жолын таңдап алған-ай.

Сарқылмайтын шабытпен қалам алған

Мұқағали поэзияда найзағай.

 

Махабатқа жазылғанда ақ хаты,

Нұрға толды сезімінің бақшасы.

Мәңгі дастан,мәңгі өлең,мәңгі жыр

Мұқағали поэзияның патшасы.

 

Оқырманы өлеңіне шөлдеген

Сырлы ақын ерекше еді өзгеден.

Сары даланы жырларымен тербеткен

Мұқағали Мақатаев өлмеген.

Өлшеулі жалғандағы, сынақ күнің.

Жаңылма мәртебеңнің, сұрап шыңын.

Арманың өзгелерден биік болу,

Күнәһәрлық білемін бірақ мұның.

 

Ойлап жүр бұл күнінде сұрақты кім,

Әттеңнің естімеиді бірақ үнін.

Мансап атақ қуғаннан бес күнінде,

Жолы ашық иманы қуаттының.

 

Болсадағы өмірде уақыт тығыз,

Мәңгі өмір сүретіндей сияқтымыз.

Пенделікке салынып кеш ұғыну,

Ұят болса онда біз ұяттымыз.

Өлеңдерім мен өзіңе, сыңармын,

Алаулаған жан дүниемді ұғар кім.

Тебіренген жүректер сыр шертіп тұр,

Бәлки жырды сүйіп қалған шығармын.

 

 

Мейлі оны басқа жандар ұқпасын,

Ұстап тұрып өзге әлемнің тұтқасын.

Есігіңді айқара ашып келдім,

Поэзия айтшы қайсы тұстасың.

Сағынамын туылып өскен жерді,

Із қалдырған балалық көштен белгі.

Сағынамын ақ жүрек жайсаңдарым

Ақ пейілмен мейірім төккендерді.

 

Сағыныштың өзегі уақытта екен,

Сағынатын  ауылым бақыт мекен

Туған жерді сағыну бақыт болса

О, Тәңірім онда мен бақытты екем.

 

Ізгіліктен бойтұмар таққандарды,

Иман нұрын кеудеге жаққан жанды

Сағынамын көз көрген ауылдасты

Жанарыннан жылуын шашқан мәңгі.

 

Ауыл маңы көк майса жасыл желек

Әсемдігі жаныма әр күн медет.

Күн көзінен нәр алған табиғаты

Сағыныштың әніне алсын бөлеп.

Той думанда ән салайын

Көтеріп ел мерейін.

Жарқыраған жан сарайын

Ай жұлдызға теңейін

Бақ-берекең мәңгі тұрсын

Бақытыңды тілейін.

Пейілі дархан қазағымды.

Дәйім тойда көрейін.

 

Әсем әуен тәтті күйің.

Жанға шырай беретін.

Дүбірлі күн сәтті бүгін.

Нәсіп етіп келетін.

Жаратқанның несібесін.

Азды көпті демесін.

Қуанышпен ессе екен.

Өмір атты кемесін.

 

Ұлан асыр той жасаған.

Жанға ырыс берерсің.

Бақ даулетің кең пейілмен

Ынтымаққа келерсің.

Ата-анаңның осы тойын.

Ақ арманға теңерсің,

Жарқын жүзді елім, жұртым

Бақыт нұрға кенелсін.

Мәңгі санап уақытша құба таңын,

Ұзақ ұстап тұрды екен кім атағын.

Тәкаппарлық дегенді білмейтұғын

Қарапайым жандарды ұнатамын.

 

 

Ешбіріде болжамас болашағын,

Қуантарын немесе құлатарын.

Жалғандығын өмірдің ұғынатын

Иманы бар жандарды ұнатамын.

 

 

Табиғаттың әсемдігін ашатын,

Жыр шашуым төселетін көк кілем.

Тынық мөлдір судай  шөлді басатын

Маржан жырды достық көпір деп білем.

 

Жер анаға сәнді шырай себетін,

Қара өлеңім қызғылт тартып төкті рең.

Ақ жауындай нөсерлетіп келетін

Өлеңімді достық көпір деп білем.

 

Жүрегіңде Сыр суындай сыр тұнса.

Бағалыңды бағасызға теңеме.

Алып ұшып әлеміңе ұмтылса

Әуен достық көпірі емей немене.

 

Поэзияны шын сүйетін жандар бар,

Болсадағы қай ұлттың өкілі.

Қырғыз, Қазақ, Өзбек, Түрік ағайын.

Өнер жолы достығымыз көпірі.

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл авторға әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика