Автордың толық аты-жөні: Карабалина Сәуле Зайдағалиқызы.
Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Әжібай ауылы.
Әкесі. Мамандығы: Зайдағали Карабалин – жұмысшы.
Анасы. Мамандығы: Бақыт Кенжалиева – жұмысшы.
Білімі
Алғашқы мектебі. Сынып жетекшілері: Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Әжібай ауылының Бірік орта мектебі. Маргарита Қапанова, Асқар Хасанов, Салиха Бақайқызы.
Жоғарғы оқу орны. Қандай мамандық бойынша білім алдыңыз? Тәлім алған ұстаздары: А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты, жаратылыс тану және география факультеті, география, биология пәндерінің оқытушысы. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, музыка және өнер факультеті, режиссер.
Өнер жолын таңдау себебі: Бала кезімнен әдебиетке, өнерге жақын болып өстім. Домбыра шерттім, ән айттым, өлең жаздым.
Спорт
Спорттың қандай түрімен шұғылданасыз? Бұл спорт түрі Сізге несімен ұнайды?: Шынықсаң шымыр боласың деген қағиданы ұстандым. Бала кезімде жеңіл атлетикаға жақын болдым. Шахмат ойнап облыстық жарыстарға қатысып жүрдім. Сонымен қатар коньки, шаңғы жарыстарына қатысқан ұнайтын.
Сіздің ойыңызша, еліміздің спорт саласында қандай басты мәселелер бар? Оларды шешуге сіздің ұсыныстарыңыз: Спорт маманы емеспін, спорттың жанашырымын. Спорттық додаларда бастысы әділдік керек. Спортқа жақын болу үшін балалардың қызығушылығын арттырып, мектеп табалдырығын аттағаннан бастап спорт залдарына толық жағдай жасалу керек. Өйткені, спорт залдары бар, бірақ қажет құрал-жабдықтар жетпейді кейде. Тегін спорттық үйірмелерді көбейту керек.
Біздің ақпарат
Туылған күні: 1963-11-11.
Шығыс жұлдызнамасы бойынша белгісі: Қоян.
Зодиак белгісі: Сарышаян.
Сүйікті көлігі: Киа.
Сүйікті орындаушы: Джозеф Айра Дассен.
Сүйікті актері: Асанәлі Әшімов.
Сүйікті киносы: Қыз Жібек (Меруерт Өтекешева, Құман Тастанбеков, Асанәлі Әшімов). Қазақстан, 1970.
Сүйікті жазушысы: Әзілхан Нұршайықов.
Сүйікті кітабы: Махаббат қызық мол жылдар. Әзілхан Нұршайықов.
Сіздің махаббатқа деген көзқарасыңыз. Сіз махаббатқа сенесіз бе? Шынайы махаббат қандай болуы керек?: Махаббат ұғымы терең ғой, ата-анаға, балаға, бауырға, адал жарға, өмірге, Отанға, туған жерге сияқты махаббат түрлерін айтар едім. Махаббат, сезім менің әндерімде шынайы бейнеленген.
Сіздің достыққа деген көзқарасыңыз. Сіз достыққа сенесіз бе? Нағыз дос қандай болуы керек?: Достыққа сенемін, достардың адалдықтарына басымды иемін. Дос – дегенің қиындықта да, қуанышта да қасыңнан табылатын, жан жолдасың, сенімді серігің деп білемін. Сөзіне, ісіне, уәдесіне берік достарды құрметтеймін. Сатқындықты кешіре алмаймын.
Сіздің ойыңызша, еліміздің білім саласында қандай басты мәселелер бар? Оларды шешуге сіздің ұсыныстарыңыз: Орыс немесе аралас мектептерді жауып қазақ тілді бір мектепке көшіретін уақыт келді. Балтық елдері, Кавказ елдері өз тілдерін сақтап келеді. Қазақ ұлтына да өз ұлтымызды сақтайтын кезең келді.
Сіздің ойыңызша, еліміздің өнер саласында қандай басты мәселелер бар? Оларды шешуге сіздің ұсыныстарыңыз: Өнер саласын реттейтін заңнама талаптарын қайта қараған абзал. Репертуарды саясатқа мән берген жөн. Мағынасыз әндерді, салт-дәстүрімізге жат әрекеттерді насихаттайтын каналдарды, бағдарламаларды жаптыру керек. Фонограммамен бәрі жұлдыз боп алды, фонограмманы реттейтін заңнама шығарған дұрыс деп есептеймін. Сахна мәдениетін сақтамағандарды жазалайтын заңнама тағы жоқ, халықтан өтірік кешірім сұрап, әнін айтып жүре береді.
Сіздің ойыңызша, қандай мәселелер адамзат үшін жаћандық мәселе болып табылады? Оларды шешуге сіздің ұсыныстарыңыз: Экологиялық және төтенше жағдайдың алдын алу мәселелеріне қатаң көңіл бөлген жөн. Апатты жағдай бола қалса, тиісті органдар алдын-алу жолдарын білмей шығынға ұшырап жатқан жәйттер көп. Жас ұрпақтың телефонға тәуелді болып алғаны, шектеусіз әлеуметтік желіде отыру мәселесі ойландырады.
Автор (орындаушы) туралы қосымша ақпарат: Ұстаз, журналист, режиссер, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
Жетістіктері:
- 2013ж. – "Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісі,
- 2015ж. – "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл" медалі,
- 2016ж. – "Қадыр Мырза Әлі" медалі,
- 2018ж. – "Жайық айтысына 60 жыл" мерекелік медалі,
- 2020ж. – "Қадыр Мырза Әлі-85 жас" төсбелгісі,
- 2020ж. – "Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл" төсбелгісі,
- 2021ж. – "Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметші" төсбелгісі.
Сұрақтарға жауап берген кім және/немесе сауалнаманы толтыру барысында қолданылған ақпарат көздерінің тізімі: 6 тамыз 2023ж., сұхбат берген автордың өзі. Сұхбаттасқан Асыл Ақшолақов.
Фото суреттер галереясы
Балалық шақ, 3 жас. БҚО, Казталов ауданы, Әжібай ауылы, 1966ж.
Оқушы кез. БҚО , Казталов ауданы,
Әжібай ауылы, 1976ж.