№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұратхан Егінбаев | |||
2. | Әбен Дәуренбеков |
Жүрегі – жүзге жекжат, мыңға бауыр,
Есімнен бір кетпейсің туған ауыл.
Сарғайған сағынышың сазға айналмай,
Булығып босқа ішіңмен тынған ауыр.
Маңғазым, мақтанышым, мақұлдарым,
Ағалар шеттерінен ақыл-дарын.
Жүрмісің аман-есен ауыл-аймақ,
Ет бауыр, етенедей жақындарым.
Айналайын туған жер,
Аманбысың думанды ел.
Ақ бұлақпен кір жуып,
Кіндігімді буған ба ел.
Шомылып қара бала қара суға.
Жан қияр достарымен жарасуда...
Келеді жеке аяңдап бір бозбала,
Ақшам мен екінтінің арасында.
Туған жер кіндігіне кім байланған,
Тынымсыз тіршілікте тынбайды арман.
Көктемде көлге асыққан мен бір аққу,
Мөп-мөлдір аспаныңды күнде айналған.
Айналайын өскен жер,
Жайлауымнан көшкен бе ел.
Ақ бұлақпен кір жуып,
Кіндігімді кескен бе ел.
Айналайын ауылым,
Аманбысың бауырым
Қайда жүрсем жаныма,
Қалқан болған қауымым.