MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Апаға реніш келінге өсиет
Әннің атауы
Әннің атауы:
Апаға реніш келінге өсиет
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№18, 13 қараша 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Жарқынбек Қарақұлов
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Апатай неге келінді,

Орамалынан айырдың.

Асылдың едің сынығы,

Айтшы енді мұның қай үлгің.

Жапырағын жұлдыңда,

Сәнін бұздыңыз қайыңның.

Әйел бақыты жаулықта,

Ұғыншы сөзін шайырдың.

 

Мен үшін апа өзіңсің,

Шектеусіз алар тынысым.

Бас иіп тағзым ететін,

Мейірдің биік шыңысың.

Сыртымнан сөгіп жүрмеңіз,

Жанашыр болған жыр үшін.

Кешірім сізден сұраймын,

Ағаттық болса бұл ісім.

 

Алақан жайып Тәңірден,

Келінге иман сұрағын.

Ұрпақтың ойлап ертеңін,

Өсиет тағлым жинағын.

Орамал тарту етсеңіз,

Қарсы болады сыйға кім?

Дәстүрге балта шаппасаң,

Келінге жаулық сыйлағын.

 

Сөзіме менің келінжан,

Оң көзбен дұрыс қарарсың.

Бүгінгі келін ертеңгі,

Жас ұрпағыма анасың.

Бір әулетімнің анасы,

Ойланшы қайда барасың?

Домалақ ана іздерін,

Жалғайтын өзің ғанасың.

 

Азайды келін жүретін,

Өнеге ғибрат жолымен.

Кеткенде бастан жаулығы,

Қадірін оның сезбеген.

Қалқаның және қорғаушың,

Емес пе еді ол деген?

Әйелдер бақыт мекенін,

Әппақ жаулықсыз көрмеген.

 

Орамалыңа қосыла,

Басыңа қонар ақ бақыт.

Ақ жүрегіңе жараса,

Кіршіксіз болар ақ бақыт.

Ұзын етек ақ жаулық,

Тәрбие сыйы ақ бақыт.

Жылы жүзің ибалы,

Пейілдің сыры ақ бақыт.

Адалдығың несібең,

Иман сыңарың ақ бақыт.

Ұялшақ ұяң мінезің,

Әппақ тұмарың ақ бақыт.

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика