№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Жарқынбек Қарақұлов | |||
2. | Жұлдыз Тойбекова |
Қиялыма өрнек жол қиялдан өрдім,
Түсімде көрген қызды өңімде көрдім.
Осы қыздың келін боп ата-анама
Ақ сәлемін салғанын келіп тұр көргім.
Қайырмасы:
Пай-пай, пай-пай,
Көркіңде қымбат сыр,
Күлкіңде жұмбақ тұр,
Ақ жүзіңе жарасқан, ажар келбетің.
Таңдауымсың көздеген,
Ерекшесің өзгеден,
Қылығыңмен баурайтын күллі жер бетін.
Ерке қызды ибалы сөздері тәтті,
Жібектейін мінезі жаныма жақты.
Ақ бақытын іздеген менің жүрегім
Өмірлік сыңарымды ауылдан таптым.
Қайырмасы