Автордың толық аты-жөні: Есенгелдиева Роза Сейтімқызы.
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы Алғабас ауданы Жамбыл ауылы.
Әкесі. Мамандығы: Сейтім Есенгелдиев – Ұлы Отан Соғысының ардагері.
Анасы. Мамандығы: Болған Бадрахова – мемлекеттік қызметкер.
Жары. Мамандығы. Балалары. Мамандығы: Әбдіманап Омаров - көлік жүргізуші. Балалары: Бақытжан Көпжасар – көлік жүргізуші, Эленора Көпжасар – ұстаз, Айнұр Көпжасар – ұстаз, Рақымжан Көпжасар – әскери қызметкер, Аида Көпжасар – студент, Альбина Көпжасар – мектеп оқушысы.
Білімі
Алғашқы мектебі. Сынып жетекшілері: Оңтүстік Қазақстан облысы Алғабас ауданы Жамбыл ауылының Жамбыл Жабаев атындағы орта мектебі.
Шәмен Даужанова, Күміскүл Жұмабекова.
Өнер жолын таңдау себебі: Өнер жолы әкемнің қанымен келген.
Спорт
Спорттың қандай түрімен шұғылданасыз? Бұл спорт түрі Сізге несімен ұнайды?: Спортқа жоқпын.
Сіздің ойыңызша, еліміздің спорт саласында қандай басты мәселелер бар? Оларды шешуге сіздің ұсыныстарыңыз: Спорт саласына көбірек мемлекеттен қаражат бөлінсе, әсіресе жеңіл атлетика спортшыларына.
Біздің ақпарат
Туылған күні: 1965-06-07.
Шығыс жұлдызнамасы бойынша белгісі: Жылан.
Зодиак белгісі: Егіздер.
Сүйікті орындаушы: Валентина Толкунова.
Сүйікті актері: Құман Тастанбеков.
Сүйікті киносы: Қыз Жібек (Меруерт Өтекешева, Құман Тастанбеков, Асанәлі Әшімов). Қазақстан, 1970.
Сүйікті жазушысы: Мұхтар Әуезов.
Сүйікті кітабы: Әке мен бала. Георгий Марков.
Сүйікті тағамы: Палау.
Сүйікті спортшысы: Ирина Роднина, мәнерлеп сырғанаушы.
Сүйікті мезгілі: Күз.
Өмір және көзқарас
Сіздің махаббатқа деген көзқарасыңыз. Сіз махаббатқа сенесіз бе? Шынайы махаббат қандай болуы керек?: Махаббатсыз – өмір бос дегенге қосыламын. Шынайы махаббат, Мұхтар Шаханов ағамыз айтқандай, "екі адамның түпкі сана биігінде жолығу" – деп айтар едім.
Сіздің достыққа деген көзқарасыңыз. Сіз достыққа сенесіз бе? Нағыз дос қандай болуы керек?: Достыққа сенемін. Оң көзқарас менде.
Сіздің ойыңызша, еліміздің білім саласында қандай басты мәселелер бар? Оларды шешуге сіздің ұсыныстарыңыз: Еліміздің білім саласына тек білімділер жиналса жақсы болар еді. Жоғарғы оқу орны тегін оқытылса, ауылдық жерлердегі балалардың оқуға түсу мүмкіндігі артатын еді.
Сіздің ойыңызша, еліміздің өнер саласында қандай басты мәселелер бар? Оларды шешуге сіздің ұсыныстарыңыз: Өнер саласында тазалық, тәртіп болғанын қалаймын.
Сіздің ойыңызша, қандай мәселелер адамзат үшін жаћандық мәселе болып табылады? Оларды шешуге сіздің ұсыныстарыңыз: Барлық адамзаттың арманы – бейбіт өмір сүру шығар.
Қызық оқиғалары: Әкемнің қауыны тәтті болатын, сол өз әкемнен өзіміз бауырларым көршілермен ұрлап жейтінбіз кейде.
Хобби: Сурет салу, шаш қырқу, тоқыма тоқу, плакатқа перомен жазу, домбырамен ән салу.
Ұраны: Өзің құлап бара жатсаңда, досыңды құтқар!.
Қосымша ақпарат
Автор (орындаушы) туралы қосымша ақпарат: Көп балалы ана, сазгер, әнші. Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі, Шымкент қалалық Композиторлар Одағының мүшесі. "Ізденген жетер мұратқа" атты кітаптың авторы.
Сұрақтарға жауап берген кім және/немесе сауалнаманы толтыру барысында қолданылған ақпарат көздерінің тізімі: 20 желтоқсан 2022ж., сұхбат берген автордың өзі. Сұхбаттасқан Асыл Ақшолақов.
Фото суреттер галереясы
17 жас. Шымкент, 1982ж.
Сыныптастарының арасында. Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауылы, 1985ж.
Бауырларының арасында. Шымкент, 2018ж.
Жұбайы – Әбдіманап Омаровпен бірге. Шымкент, 2019ж.
Ұлдарының арасында, Бақытжан мен Рақымжан. Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, 2019ж.
Қыздарының арасында, Эленора, Айнұр және Аида. Шымкент, 2018ж.
Келіндерімен бірге, Жадыра мен Мақпал. Шымкент, 2020ж.