Алғашқы мектебі. Сынып жетекшілері: Тахиаташ қаласының Бируни атындағы мектебі. Айман Нұрмаханова, Бақыбай Жұбаниязов, Балымай Алмағанбетова.
Жоғарғы оқу орны. Қандай мамандық бойынша білім алдыңыз? Тәлім алған ұстаздары: Ақтөбе Мемлекеттік медицина институты. Халида Маманова, Валентина Корват, Хамит Садықов.
Өнер жолын таңдау себебі: Жастық шақтан бастап өлең жазып жүрдім. 70 жасқа келгенде ән шығара бастадым. Шәмші Қалдаяқов түсіме еніп, жол көрсетті.
Спорт
Спорттың қандай түрімен шұғылданасыз? Бұл спорт түрі Сізге несімен ұнайды?: Шаңғы спорты. Таза ауады жүресің, денеңнің барлық жері шұғылданады.
Сіздің ойыңызша, еліміздің спорт саласында қандай басты мәселелер бар? Оларды шешуге сіздің ұсыныстарыңыз: Шағын-шағын спорт кешендері көп қабатты үйлердің ортасында болса екен.Өте ыңғайлы болар еді жастарға да, кәрілерге де.
Біздің ақпарат
Туылған күні: 1951-04-07.
Шығыс жұлдызнамасы бойынша белгісі: Қоян.
Зодиак белгісі: Тоқты.
Сүйікті көлігі: Нива.
Сүйікті орындаушы: Сара Брайтман.
Сүйікті актері: Асанәлі Әшімов.
Сүйікті киносы: Қыз Жібек (Меруерт Өтекешева, Құман Тастанбеков, Асанәлі Әшімов). Қазақстан, 1970.
Сүйікті жазушысы: Мұхтар Әуезов.
Сүйікті кітабы: Құдайдағы кемелдік. Шри Чинмой.
Сүйікті тағамы: Қой етінен сорпа.
Сүйікті спортшысы: Геннадий Головкин, бокс.
Сүйікті мезгілі: Қыс.
Өмір және көзқарас
Сіздің махаббатқа деген көзқарасыңыз. Сіз махаббатқа сенесіз бе? Шынайы махаббат қандай болуы керек?: Махаббатқа жол, адамның жан дүниесін ұнату арқылы болса, махаббат мәңгі болады. Ал, тәнге ғашықтық, тән қартайғанда махаббат та өле бастайды.
Сіздің достыққа деген көзқарасыңыз. Сіз достыққа сенесіз бе? Нағыз дос қандай болуы керек?: Достыққа сенемін. Егер мақсат бір болса, онда достық көп уақыт сақталады.
Сіздің ойыңызша, еліміздің білім саласында қандай басты мәселелер бар? Оларды шешуге сіздің ұсыныстарыңыз: Қазақ мектептері көп болуы керек. Қазақстанда тұратын өзге ұлттар балалары қазақ мектебінде оқуы керек деп ойлаймын.
Сіздің ойыңызша, еліміздің өнер саласында қандай басты мәселелер бар? Оларды шешуге сіздің ұсыныстарыңыз: Өнер саласында жыйнақылық жоқ. Барлық өнер адамдарын бір жүйеге тіркеу қажет. Көркемдік кеңестер болуы керек.
Әркім әр жерден өз білгенін істеп, мағынасыз өлеңдер мен әндер жазып, кез келген баспасөзден түкке тұрмайтын, ешкімге пайдасы жоқ кітаптар шығару көбейіп кетті. Айтылған, жазылған әрбір сөзді електен өткізіп барып, баспасөзден өткізу керек. Баспасөздер мемлекеттік қана болуы керек.
Сіздің ойыңызша, қандай мәселелер адамзат үшін жаћандық мәселе болып табылады? Оларды шешуге сіздің ұсыныстарыңыз: Ең бастысы әр ұлт өз тілін сақтап қалуы қажет. Өз мәдениетін өзгелерге көрсете білсін. Ата-баба аманаттарын, салт- дәстүрлерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу керек! Данышпандыққа жастарды үйрету керек! Данышпандарды дайындайтын арнайы мектептер болуы керек. Себебі, бір данышпан миллиондаған адамдарды тығырықтан шығара алады.
Қызық оқиғалары: Балауса кезімізде ұстаздарымыз мақта теруге колхоздарға алып кететін. Қазақстанның Шалқар радиосын тыңдайтынбыз.
Жаңа ән шықса, әр екі сағаттан сол әнді қайталап тұратын.
Сондай күндердің бірінде, Шәмші Қалдаяқовтың: Бақыт құшағында әні дүниеге келді.
Әр шумақты бір класстасыма жаттатып, өзім әннің қайырмасы мен әуенін жаттайтынмын.
Кешке бәріміз жиналғанда, сөздерін дәптерлерімізге көшіріп алып, сол әнді орындап отыратынбыз.
Хобби: Өлең жазу. Адам баласының психологиясын зерттеу, дәрігер ретінде аурулардың диагнозын қойып, сосын емдеу.
Автордың әлеуметтік желілердегі аккаунттары
Facebook – facebook.com: Marita Ismurzina.
YouTube – youtube.com: Марита Қабижанқызы.
Instagram – instagram.com: @ismurzinamarita.
WhatsApp – whatsapp.com: +77015547103.
Автордың байланыс телефондары
Жеке телефоны: +77015547103.
Автордың электрондық деректері
Электронды пошта (e-mail): b.ismurzina@gmail.com
Қосымша ақпарат
Автор (орындаушы) туралы қосымша ақпарат: Халықаралық жазушылар одағының мүшесі.
Халықаралық композиторлар одағының мүшесі.
Автордың есімін Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Литва мен Белоруссиядағы партизан қозғалысына қатысушы, Кеңес Одағының Батыры Марите Мельникайтенің атына ұқсатып қойған екен.
Бірақ ағасы үйден ауылдық кеңеске жеткенше ұмытып қалып, бүгін базар күні - Базаргүл болсын деп қойғанымен, бәрібір достары, таныстары, өнер ортасында Марита деп атап кеткен.
Сұрақтарға жауап берген кім және/немесе сауалнаманы толтыру барысында қолданылған ақпарат көздерінің тізімі: 13 қыркүйек 2022ж., сұхбат берген автордың өзі. Сұхбаттасқан Асыл Ақшолақов.
Фото суреттер галереясы
Жанұясының ортасында. Ұлы – Әсет, келіні – Анжелика, қызы – Алтынай, немерелері – Ақару, Самир, Зейін, Айдана, Амиль. Астана, 2022